Брюссельде «тұсаукесер» рәсімі өткізілді - фоторепортаж

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Қазақ халқының маңызды салт-дәстүрлерінің бірі - «тұсаукесу». Баланың болашақтағы өмірі жеңіл және жарқын болсын деген ниетпен оның аяғына ала жіп байланып, пышақпен кесіледі. Бельгиядағы ҚР елшілігі қазақстандықтар мен шетелдің қонақтарға арнап осындай дәстүр өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Наурыз мейрамының» қарсаңында Қазақстан елшілігінде Бельгияда тұратын қазақстандықтарға, жергілікті тұрғындарға арналып ұлттық салт-дәстүр өткізуге ұйғарды. Кішкентай отандасымыз Қасым Ысқақов таяуда бір жасқа толған еді. Оның ата-анасы Бельгиядағы ҚР консулы Данияр Ысқақов пен оның жұбайы Зарема Ысқақова біздің тілшіге осы шарадан фоторепортаж жасауға келісім берді. Елшілікке қонақтар, солардың ішінде отандастырымыз бен жергілікті тұрғындар келді. Осы шараға қатысу мақсатында Қазақстаннан арнайы баланың ата-әжесі келді. Оның тұсауын кесуді Бельгиядағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Марғұлан Баймұханнан өтінді.

Қазақстандық дипломат қонақтарға ежелгі дәстүр, оның маңызы туралы қонақтарға айтып берді. Сонан соң Қасымды құттықтап, оның өмірде үлкен жетістікке жетуін тіледі. Дәстүр бойынша баланың алдына бірнеше зат қойылды. Ол соның біреуін қалауы арқылы өмірлік жолын таңдайды деп есептеледі.

Қазақстанның кішкентай азаматы спорт добын таңдады. Қонақтар қазақтың ұлттық асынан дәм татып, әрі қарай әңгіме-дүкен құрды.


Соңғы жаңалықтар