Брюссельде мыңдаған адам экомаршқа қатысты

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Брюссельде мыңдаған адам климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның 27-інші конференциясы қарсаңында «Келешек үшін маршқа» қатысты. ҚазАқпарат бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараны экология мәселелеріне арналған 100-ге жуық ұйымды біріктіретін Климат коалициясы ұйымдастырды.

Олардың талаптарының бірі – ғаламшарға анағұрлым залал келтіріп отырған компаниялардың қызметін шектеу бойынша нақты іс-шаралар қабылдауға үндеу.

Айта кетейік, БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі 27-інші конференциясы келесі айда өтеді.



Видеодан алынған кадр ru.euronews.com





Соңғы жаңалықтар