+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Брюссельде Қазақстан мен НАТО әріптестігі талқыланды

2014 жылғы 1 қараша 05:27
Бөлісіңіз:
Брюссельде Қазақстан мен НАТО әріптестігі талқыланды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде Қазақстан мен Солтүстікатлантикалық келісімшарты бойынша әріптестік әрекеттердің жеке жоспарының үшінші циклін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Отырыс төрағасы болған НАТО-ның Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша бас хатшысының арнайы өкілі Джеймс Аппатурай Альянстың Қазақстанмен ынтымақтастыққа мән беріп отырғанын айтып, ҚР мұндай жоспарды жүзеге асырып отырған бірден-бір ел екенін атап өтті.

НАТО жанындағы миссия басшысы, Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмаз Хамзаев қазақстандық көпвекторлы саясатта еуроатлантикалық бағыттағы ынтымақтастықтың маңыздылығын жеткізді.

Аталмыш жоспардың жүзеге асырылуы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы полковник Әділ Беков баяндама жасап, НАТО елдерін ҚР Қарулы Күштерінің бейбіт мақсаттағы даярлығы пен оқу-жаттығулары туралы, сондай-ақ Қазақстанның аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке деген көзқарастарынан хабардар етті.

Тараптар саяси диалогты одан әрі жалғастыру және Қазақстанның Қарулы Күштерінің бейбіт мақсаттағы әлеуетін дамыту бойынша жұмыстардың әрі қарай жүргізілуіне қолдау білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT