Брюссельде Қазақстан мен ЕО қарым-қатынасы талқыға түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Брюссельде «Қазақстанның жаңа басшылығы: Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың дамуына ықпалы қандай болмақ?» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 қарашада Брюссельде Euractiv медиа агенттігінің алаңында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың қатысуымен «Қазақстанның жаңа басшылығы: Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың дамуына ықпалы қандай болмақ?» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді», - деді ресми өкіл бүгінгі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, іс-шараға негізгі спикерлер ретінде Еуропалық парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі мен ой-талқы орталықтарының өкілдері қатысады. Күн тәртібінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім күшіне енгеннен кейін екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бар.

Соңғы жаңалықтар