Брюссельде Қазақстан-Еуропа қатынастары талқыланады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропа Кеңесі басшылығымен кездеседі. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 23-25 қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Брюссель (Бельгия) және Страсбург (Франция) қалаларына сапары өтеді. Брюссельге жұмыс сапары аясында Еуропа институттарының жоғары лауазымды өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған», - деді А. Смадияров.

Оның айтуынша, Страсбургте Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының қысқы сессиясы аясында Р.Василенконың Еуропа Кеңесі мен Еуропаның Парламенттік ассамблеясы басшылығымен кездесулері өтеді.

«Сапардың негізгі мақсаттарының қатарында Қазақстан-Еуропа қатынастарының барлық спектріне шолу жасау, өзекті өңірлік және халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасу, сондай-ақ еуропалық әріптестерді еліміздегі саяси реформалардың іске асырылу барысы туралы, сайлау қорытындылары және 2023 жылғы 19 наурызға жоспарланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау дайындығымен таныстыру қамтылған», - деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылғы 23-24 қаңтарда Ташкент қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 26-шы отырысы өтеді. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысады.


Соңғы жаңалықтар