Брюссельде Еурокомиссияның жаңа құрамы таныстырылды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропа комиссиясының болашақ басшысы Урсула фон дер Ляйен сейсенбі күні Брюссельде комиссияның 2019-2024 жылдары жұмыс істейтін жаңа құрамы мен құрылымын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Жаңа Еурокомиссияда сегіз вице-президент, соның ішінде үш атқарушы вице-президент болады. Алда Еуропа парламенті еурокомиссар лауазымына 26 үміткерді бекітуі тиіс.

Еуроодақтың экологиялық саясатын жүргізетін атқарушы вице-президент ретінде нидерланд социал-демократы Франс Тиммерманс ұсынылды.
Либерал-демократтардың өкілі, даниялық Маргрете Вестагер цифрлық экономика және бәсеке мәселелері жөніндегі атқарушы вице-президент болады.
Латвиялық Валдис Домбровскистің кандидатурасы «адамдарға жұмыс істейтін экономика», қаржы қызметтері мәселелері жөніндегі атқарушы вице-президент ретінде ұсынылды. Испан саясаткері Жозеп Боррель ЕО-ның Федерики Могериниден кейінгі сыртқы саяси қызметінің басшысы болмақ. Жаңа Еурокомиссия 1 қарашадан жұмысын бастайды. Еурокомиссар болуға үміткерлердің толық тізімімен, олардың өмірбаянымен мына сілтемеден танысуға болады.

Автор: Тимур Дүйсекеев


Соңғы жаңалықтар