Брюссельде Covid-19 салдарынан барлар қайта жабылды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Брюссель қаласында сырахана, барлар қайта жабылды. Қала билігі коронавирус инфекциясына шалдыққан тұрғындар санын осылайша азайтпақ. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бельгияның сыра әзірлеуші ұйымы бұл мекемелердің «жұқтыру ошақтары» екеніне нақты дәлелдер талап еткен. Олар барларда міндетті түрде дезинфекция жүргізіліп, маска тағу және адамдар арасындағы ара қашық сақталып отырғанын атап өтті.

Шарль Леклефтің ата-бабалары сыраны ХІХ ғасырдан бастап әзірлеген. Наурыз айындағы локдаун кезінде ол өндірісті шамамен 70 пайызға шектеген, алайда мемлекет қолдауының арқасында бірде бір қызметкерін қысқартпаған.

«Біз үшін ең бастысы – жұмысқа жауапкершілік. Бар иелері, бармендер де ортақ ісімізге жауапты қарауы тиіс. Егер келушілер талапты сақтамаса немқұрайды болса, оларға бұны айту керек, себебі іштегілерге қауіпті», - дейді сыра әзірлеуші.

Медициналық қоғам профессоры Габриэль Скалли Covid-19 таралуына жол бермеу үшін барлардың ішін жақсы желдетіп отыру қажет деп санайды.

«Бастапқыда біз бұл вирустың негізінен тамшы арқылы таралады деп ойлаған едік. Бірақ одан да кішкене бөлігі деп қауіпті екен. Бұл аэрозоль вирусты тасымалдайды. Біз оны темекі түтіні сияқты деп қабылдауымыз керек. Егер біреу жабық бөлмеде темекі шексе, оның түтіні барлық жерге таралады ғой. Вирустың таралуы да сондай, сондықтан желдету мәселесі өте маңызды», - деді Габриэль Скалли.

Жаздың аяғына қарай ауырған адамдар азайған соң, Бельгияда барлардың жұмыс режимі жеңілдетілген, бірақ олардың иелері ғимаратты желдету және басқа да сақтық шараларын күшейтті. Алайда бұл шаралар жиналып, әңгіме-дүкен құрып, сыра ішкісі келетіндердің қауіпсіздігі үшін жеткіліксіз болып тұр.


Соңғы жаңалықтар