Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

«Айка» фильмі Бельгияда кинопрокатқа шықты

2019 жылғы 3 мамыр 09:05 1436
Бөлісіңіз:
«Айка» фильмі Бельгияда кинопрокатқа шықты

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Басты рөлде қазақстандық актриса Самал Еслямова ойнайтын Сергей Дворецкийдің «Айка» фильмі Бельгияда кинопрокатқа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Айка» драмасы бұған дейін Еуропаның бірнеше елінде көрсетілген.  Бұл фильмді Германия, Польша, Португалия, Франция және Швеция көрермендері тамашалады.

Брюссельдің ең ежелгі кинотеатрларының бірі саналатын Cinema Palace бейсенбі кешкісін көрермендерге толы болды. Бельгиядағы премьераға Самал Еслямованың өзі - үздік әйел рөлін сомдағаны үшін Канн фестивалінің жүлдегері атанған актриса да ұшып келді.

Жұртшылық картинаны бір деммен тамашалап, соңғы титрлардан кейін зал «Браво!» деп айқайлады. Олар қазақстандық актрисаның шеберлігіне сүйсініп, ду қол шапалақтады. Бұдан кейін көрермендер Самал Еслямоваға гүл шоқтарын сыйлады.

«Бұл бас кейіпкердің тағдырына бірге сезінетін керемет кино. Фильм көрермендерді бастан аяқ зер салып тамашалауға мүмкіндік береді. Біз Айка үшін уайымдап, өзімізге бейтаныс ортаға түсіп кеттік», - деп бөлісті режиссер Коко Вутер.

Жергілікті БАҚ «Айка» фильмін 1999 жылы экранға шыққан бельгиялық ағайынды режиссерлер  Дарденндердің «Розетта» драмасымен салыстырып жатыр.

«Осы кинодан кейін өз қиындықтарыма шағымданғым келмейді. Лентада бірнеше мәселе, соның ішінде көші-қон мәселесі көтерілген. Мені фильмде жануарларға және адамдарға деген қарым-қатынас толғандырды. Өкінішке қарай, кейде адамдарға қарағанда жануарларға жақсы қарайды», - деп бөлісті Брюссель тұрғыны Сабина Асанова.

«Айка» фильмін 16 және 24 мамырда Нидерланд пен Аустрия көрермендері тамашалайды.



Авторы Тимур Дүйсекеев

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT