Брюс Уиллис кинодан кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америкалық актер Брюс Уиллис сөйлеу қабілетінің бұзылуына әкелетін афазия ауруына шалдығуына байланысты мансабын аяқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы актер Румер Уиллистің қызы Instagram желісінде жазды.

«Біздің сүйікті Брюс денсаулығына қатысты мәселелерге тап болды және жақында оның когнитивті қабілеттеріне әсер ететін афазия диагнозы қойылды. Бәрін ойластырған Брюс өзі үшін маңызды болған карьерасынан бас тартты», деп жазды Румер Уиллис .

Жұртшылыққа арналған үндеуге Брюстің әйелі Уиллис Эмми, сондай-ақ оның бұрынғы зайыбы Деми Мур және оның балалары қол қойған.

Афазия - мидың зақымдануынан туындауы мүмкін сөйлеудің бұзылуы. Афазия нәтижесінде сөйлеу, түсіну, оқу, жазу қабілеті жойылуы мүмкін.

Брюс Уиллис 1955 жылы 19 наурызда Идар-Оберштейн қаласында (Германия) дүниеге келген. Әкесі америкалық, ал шешесі неміс.

«Крепкий орешек», «Криминальное чтиво», «Армагеддон» и «Пятый элемент».

Ол «Мықты жаңғақ», «Қылмыстық оқулық» «Армагеддон» және «Бесінші элемент» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал болды. 1987 жылдан 2000 жылға дейін актриса Деми Мурмен бірге тұрды. 2009 жылы ол ағылшын актрисасы Эмма Хемингке үйленді.


Соңғы жаңалықтар