Бруклинде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Нью-йорк қаласының Бруклин бөлігіндегі Лонг-Айленд темір жолында қала маңына қатынайтын пойыз рельстен шығып кетті, деп жазады New York Post басылымы.

Оқиға жергілікті уақытпен сағат 8:20-да болған. Оқиға салдарынан, алдын ала деректерге сүйенсек, кемінде 18 адам зардап шеккен.

Бұл ақпаратты Туиттердегі Нью-Йорк апаттық хабарландыру ресми жүйесі растады.  

Соңғы жаңалықтар