BRT желісі жолға кететін уақыттың 40 пайызын үнемдейді - Бауыржан Байбек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі қалада жүргізіліп жатқан көлік реформасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаладағы мобильділік - мегаполистердегі өмір сапасының басты критериі. Бұл оқу, білім үшін аса маңызды. Былтыр қоғамдық көлік саласында шағым өте көп болатын. Бүгінде шағымдардың саны күрт азайды», - деді әкім халықпен кездесуде.

Оның айтуынша, BRT жобасының іске қосылуы жолға кететін уақыттың 40%-ын үнемдеуге мүмкіндік берді. Күн сайын BRT желісімен 100 мың жолаушы жүреді.

«Адамдар қоғамдық көлікке бекер отырмайды. Талдау көрсеткендей, Тимирязев көшесінің бойында автобустардың жылдамдығы автокөлікке қарағанда 3 есе артқан», - деді ол.
null

Сонымен қатар, қалада жеңіл рельсті көлікті іске қосу бойынша байқаудың бірінші кезеңі аяқталған. Биыл қалада ЛРТ желілері салынады.

«Метроның екі стансасының құрылысы басталды. Бұл күнделікті жолаушылар ағымын 86 мыңға арттырмақ. Қосымша тағы 8 станса вагон сатып алады», - деді әкім.

Сонымен қатар, әкім жолаушылар тасымалының сапасын көтермеген тасымалдаушылармен келісімшарт бұзылатынын айтты.

«Біз қазір қатаң шара қабылдап жатырмыз. Тасымалдаушылардан 560 млн теңге субсидия ұсталып қалды. «Автобаза Достранс» ЖШС, «Тегис-Транс» ЖШС, «САНТ» ЖШС, «Нұржас Транс» ЖШС, «Таксомотор паркі» ЖШС секілді компаниялармен келісімшарт бұзылды. Егер тасымалдаушылар сапаны жақсартуға ден қоймаса, олар қоғамдық көлік саласында жұмыс істемейтін болады. Ол үшін ауқымды қаржы бөлініп жатыр. Соған сай сапа болуы керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар