British Telecom 55 мыңға жуық жұмысшыны қысқартады

None
Фото: Shutterstock
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британ телекоммуникация алпауыты British Telecom онжылдықтың соңына қарай жұмыс орындарын 40 мыңнан 55 мыңға дейін азайту жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Шығындарды қысқартатын бұл шара компанияны жасартып, қызметкерлер құрамын оңтайландыруға бағытталған.

Қазіргі кезде British Telecom компаниясында шамамен 130 мың қызметкер бар.

Бас директор Филип Янсен компания болашағы гүлденіп, бұдан да серпінді дамитынына уәде берді, ал кәсіподақтар бұл шараға наразы.

Жойылған жұмыс орындарының бесінші бөлігін жасанды интеллектпен алмастыру жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар