Британияның Brexit-ке байланысты шығыны $170 миллиардқа жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына байланысты экономикалық шығыны 170 млрд долларға жетті. Бұған Bloomberg Economics зерттеуі дәлел болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Brexit-тегі экономикалық шығындар 130 млрд фунтқа жетті (170 млрд доллар). Осы жылдың соңында тағы 70 млрд фунт қосылады деп жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Bloomberg болжамы бойынша, Ұлыбританияның Brexit-тен экономикалық залалы 265 млрд долларға жетеді.

Еске салайық, қаңтарда Ұлыбритания парламент қауымы палатасы Еуроодақтан шығу туралы келісімді қарауды толықтай аяқтап, оны қолдап дауыс берді.

Енді Біріккен Корольдіктің ЕО-дан шығуы туралы заң жобасы Лордтар палатасында дауыс беруден өтуі тиіс. Бұл келісім таяу аптада заңды күшіне енеді деп күтілуде.




Соңғы жаңалықтар