+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Британиялық журналист: Митинг туралы заң Қазақстанның саяси өмірін өзгертеді

2020 жылғы 1 маусым 21:21
Бөлісіңіз:
Британиялық журналист: Митинг туралы заң Қазақстанның саяси өмірін өзгертеді

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Посткеңестік шиеленістер және саясат бойынша сарапшы, журналист Нил Уотсонның пікірінше, бейбіт митинг пен жиын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы жаңа заң Қазақстанның саяси өміріне күрделі өзгеріс әкелмек. Ол бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Нил Уотсонның пікірінше, бұл - 30 жылдай уақыт бұрын Совет одағы ыдырап, тәуелсіздікке қол жеткізген посткеңестік мемлекеттерге үлгі болатын, мақтауға тұрарлық қадам.

«Біріншіден, бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейін 2019 жылдың қыркүйегінде халыққа Жолдауында мәлім етті. Демек Мемлекет басшысы - сенім артуға тұратын істің адамы.

Екіншіден, Қазақстан мұндай заң жобасын Қылмыстық кодексте бекіту арқылы батыс үлгісінде саяси әралуандылыққа бір табан жақындап, азаматтарының құқықтарын кеңейте түсті. Саяси келіспеушілік пен қарсылық 1995 жылдан бері мүмкін болғаны туралы да айта кеткен жөн.

Жаңа заңда бейбіт митинг өткізуге рұқсат етіліп, үкіметтік құрылымдар оларды қолдауға міндетті екендігі айтылады. Сонымен қатар жұмыс орындарында пикеттер ұйымдастыруға болады делінген. Демонстрация арнайы бөлінген үш жердің бірінде өткізіліп, кемінде үш күн бұрын ескертілуі керек. Сондай-ақ оның ұйымдастырушылары наразылық шарасының мақсаты туралы нақты әрі анық жария етуі тиіс», - дейді Нил Уотсон.

Оның айтуынша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы батыс құндылығына негізделген.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инаугурациялық Жолдауында өркениет құндылықтарына негізделген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы бірнеше рет айтты. Бұл заң - жаңа Президенттің тыңнан түрен сала білетінін және демократияның жақтаушысы екендігін айқындайды», - дейді Нил Уотсон.

Нил Уотсон - британиялық Кардифф университеті журналистика факультетінің түлегі, Кентербери университетінің магистратурасын тәмамдаған. Өзінің журналистік және редакторлық қызметі аясында негізінен халықаралық сауда, бизнес және мәдениет тақырыптарында британиялық басылымдарда қалам тербеп, Таулы Қарабах қақтығысы бойынша бірнеше зерттеу жүргізген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғалымжан Қараманұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT