Британиялық тележүргізуші Головкинді ресейлік футболшымен шатастырып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ITV Sport Football жүргізушісі Сэм Мэттерфейс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) тегін футболдан Ресейдің Ұлттық құрамасының ойыншыларының бірінікімен шатастырып алды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Алаңда Головкинді көріп отырғанымызға ризамыз. А.Смолов-ресейліктер қауіптенетін басты ойыншы. Вуд болса құрама сапында ойнаған 50 матчта 19 гол салды. Ресей-Жаңа Зеландия матчының тікелей трансляциясы»,-деп жазды жүргізуші твиттерде.

Шамасы Мэттерфейс Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы алаңда 90 минут ойнаған Александр Головин туралы айтқан болуы керек. «GGG - уже футболшы ма?»,-деп қалжыңдады жанкүйерлердің бірі.

Бұл твиттегі Сэмнің қателескен жері тек осы ғана емес. Ол Ресейдің мемлекеттік туының орнына өзге елдің белгісін қойып қойған.

Конфедерация кубогы-2017 матчында Ресей-Жаңа Зеландия кездесуі 2:0 есебімен, ресейліктердің жеңісімен аяқталды. Ал WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге келетін болсақ, ол өзінің кезекті кездесуін 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткізеді. Оның қарсыласы мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО).

Соңғы жаңалықтар