Британиялық парламентшілер Қазақстанға шақырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыхановтың британдық Парламент депутаттары үшін брифингі болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан бойынша бүкілпартиялық топтың мүшелері болып табылатын британдық парламентшілердің алдында сөз сөйлеген Е.Қазыханов Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестіктің теңдессіз жоғары деңгейіне өткенін атап өтті. Бұған көбіне ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың екіжақты қатынастардың дамуына қуатты серпін берген таяуда Лондонға жасаған ресми сапары септігін тигізді. Сапар қорытындылары бойынша 13 млрд. АҚШ долларына жуық сомаға ондаған құжаттарға, сондай-ақ соның ішінде мемлекеттік қызмет саласында өзара құқықтық көмек көрсету және «Астана» Халықаралық қаржы орталығын қалыптастыру сияқты бірқатар уағдаластықтарға қол қойылған.

Кездесу соңында Е.Қазыханов топтың төрағасы Г.Стюартқа Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бүкілпартиялық парламент тобының мүшелері үшін Қазақстанға шақыруын табыстады.

Өз кезегінде, британдық парламент депутаттары Қазақстанда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен өткізіліп отырған реформаларға, елдің Орталық Азия аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге салып отырған күш-жігеріне жоғары баға беріп, Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіру болашағына қызығушылық танытты.

Соңғы жаңалықтар