+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Британиядан табылған коронавирустың жаңа штамы Қазақстанда тіркелген жоқ – ДСМ

2020 жылғы 28 желтоқсан 16:16
Бөлісіңіз:
Британиядан табылған коронавирустың жаңа штамы Қазақстанда тіркелген жоқ – ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамы Қазақстанда жоқ. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды Бір тәулікте 1,2 мың адам коронавирустан жазылды Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Оның айтуынша, вирустың мутациясы – табиғи процесс.

«Пайда болғалы бері коронавирус едәуір мутацияға ұшыраған. Қазақстанда мамыр айынан бастап қыркүйекке дейін тараған штамдар зерттелді. Бүгінге дейін біздің елде Германия, Испания, Украина, Ресей, АҚШ пен Қытайда тараған штамдар анықталған болатын», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Ұлыбританиядан табылған коронавирустың жаңа штамы Қазақстанда анықталмаған.

Комитет басшысы сонымен қатар вирустың мутациясына қатысты зерттеу әлі де жалғасып жатқанын, вирусқа толыққанды зерттеу жүргізу үшін аймақтарда тіркелген жағдайлар зерделеніп жатқанын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT