+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Британияда жүк көлігінен табылған 39 мүрдені анықтап жатыр

2019 жылғы 24 қазан 12:05
Бөлісіңіз:
Британияда жүк көлігінен табылған 39 мүрдені анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британия полициясы Эссекс графтығында жүк көлігінен табылған 39 мүрденің жеке тұлғасын анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Чилиде университет ғимаратын өртеп жіберді Британияда жүк көлігінен 15 адам табылды Финляндияда сирек құбылыс байқалды

Полиция жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісінен жауап алуда. Жігіттің аты - Мо Робинсон, Солтүстік Ирландиядағы Портадаунда туған.

Автотасымалдаушылар қауымдастығының атқарушы директоры Ричард Бернеттің айтуынша, жүк көлігі - рефрижераторлық агрегат, алып мұздатқыштың ішіндегі ауа температурасын -25 ° С-қа дейін төмендетуге болады.

Бернетт бұл аса қорқынышты жағдай екенін айтқан.

Эссекс полициясы бастығының орынбасары Пиппа Миллс ұзаққа созылса да мүрделердің тұлғасын анықтаудың маңызы зор екендігін жеткізді.

Полиция ұсталған ер адамға тиесілі екі үйді тінтіп шықты.

Қылмысқа қарсы күрес ұлттық агенттігі істі тергеуге қолғабыс етіп отырғанын мәлімдеді.

Болгария Сыртқы істер министрлігінің өкілі жүк көлігінің Болгариядағы Ирландия азаматына тиесілі компанияның атына тіркелгенін айтты. Министрлік өкілінің сөзі мүрделердің Болгария азаматтары емес дегенге саяды.

Еске сала кетейік, кеше Эссекс графтығының Таррок қаласында контейнерлік жүк көлігінен 39 адамның денесі табылғанын хабарлаған едік. Олардың 38-і – ересек, біреуі жасөспірімнің мүрдесі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT