Британияда Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі футболшыларға арналған ескерткіш ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англиядағы Стаффордширде британдық және германиялық жауынгерлердің Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі футбол матчына арналған ескерткіш ашылды.

Ескерткіш 30 мыңнан астам британдық мектептердің оқушылары қатысқан үздік жоба байқауының жеңімпазы атанған он жасар Спенсер Тернердің жобасымен жасалды.

Ескерткішті Кембридж герцогі, ханзада Уильям ашты. Ол футболдың кедергілерді жою күшіне ие екенін айтып, 1914 жылғы бітім тарихын «үміт пен ізгілік мысалы» деп атады.

Соғысқан елдер жауынгерлері арасындағы ойын Бельгиядағы Батыс майдан учаскесінде 1914 жылғы Рождество мерекесінің қарсаңында жарияланған бітім кезінде өткізілді.

Жақында УЕФА президенті Мишель Платини «Рождестволық матчтың» өткізілген күнінің 100 жылдығының құрметіне бельгиялық Плогстирт қыстағында тағы бір ескерткішті ашқан еді.

Соңғы жаңалықтар