Британия үкіметі Еуропалық одақтан шығу туралы келісім жобасын мақұлдады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Үкіметі еуропалық одақтан шығу шарттары туралы келісім жобасын мақұлдады. Бұл туралы сәрсенбі күні кешке ел премьер-министрі Тереза Мэй мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

«Министрлер кабинетінің ұжымдық келісімі келесідей: Үкімет шығу туралы (Еуропалық одақтан - авт.) келісім жобасын қолдайтын болады», - деді Т.Мэй кабинет мүшелерімен өткен бессағаттық кеңестен кейін журналистерге.

Оның айтуынша, британдық Министрлер кабинеті аталмыш құжатқа қатысты «егжей-тегжейлі әрі қызу пікірталас» өткізді.

Сондай-ақ ол «брексит» бойынша келісім жобасы лауазымды тұлғалар мен келіссөздерді жүргізушілердің «мыңдаған сағаттық» жұмысының нәтижесі болғандығын атап өтті.

Британдық үкімет басшысы мақұлданған құжаттың мәтінін бейсенбі күні таңертең Парламентте баян етуге уәде етті.

15 қараша күні таңертең, сонымен қатар Еуропалық кеңестің президенті Дональд Туск пен Еуропалық одақ тарапынан басты келіссөз жүргізуші Мишель Барнье мәлімдемелер жасайтыны күтілуде.

 

 

Соңғы жаңалықтар