+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Британия шетелдік студенттерге диплом алған соң 2 жыл жұмыс істеуге  рұқсат етеді

2019 жылғы 12 қыркүйек 11:56
Бөлісіңіз:
Британия шетелдік студенттерге диплом алған соң 2 жыл жұмыс істеуге  рұқсат етеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британия Үкіметі 2020 жылдан бастап, университетті тәмамдаған шетелдік студенттерге 2 жыл елде қалуға және жұмыс істеуге рұқсат етеді. Осылайша Премьер Борис Джонсон экс-Ішкі істер министрі Тереза Мэй енгізген иммиграциямен күрес тәсілдерін тоқтатты, деп хабарлайды ВВС.

Ұқсас жаңалықтар
Германияда коронавируспен күрестің жаңа шаралары енгізіліп жатыр Испанияда маска тағудан бас тартқан режиссер халықаралық фестивальдан қуылды Жапония қазанда шетелдіктерге шекарасын ішінара ашады

Университетті аяқтап, диплом алған шетелдік студенттер бұрын Британияда 2 жыл қалып, жұмыс істей алатын еді. 2012 жылдан бастап Тереза Мэйдің шешімімен бұл мерзім 4 айға шектелді.

2012 жылы премьер-министр Дэвид Кэмерон жылына Британияға келетін жүз мың адамның санын он мыңға азайтуға уәде беріп, Ішкі істер министрі Тереза Мэй миграцияны іс жүзінде шектеуге көшті.

Дегенмен, көп ұзамай ел Үкіметінің бұл саясаты құрдымға кетті. Британия Еуроодақтың құрамында болғандықтан, одақтың кез келген елінің азаматы емін-еркін кіріп-шығу құқығына ие. 2012 жылдың басында ғана азайған миграция, кейін бірден өсіп, жылына келетін адамдар саны 260 мыңға артып кетті.

Шілдеде Борис Джонсон премьер-министр қызметіне келген соң, ережені өзгертті. Тұрғылықты қалу немесе еңбек ету визасы Еуроодақтан Британияға шығып кетсе де, одақ елдеріне бірдей берілетін болды.

Қазіргі таңда Британияда бас-аяғы 460 мың шетелдік студент оқиды, олар жылына 20 миллиард фунтқа дейін пайда әкеледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT