+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Британия сарапшысы: Қазақстанда сайлау жүйесінің дамуындағы жаңа кезең өтуде

2021 жылғы 10 қаңтар 09:58
Бөлісіңіз:
Британия сарапшысы: Қазақстанда сайлау жүйесінің дамуындағы жаңа кезең өтуде

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Тәуелсіз британиялық сарапшы Қазақстанда өтетін алдағы саяси доданы сайлау жүйесінің дамуындағы тағы бір жаңа кезең деп бағалады. Штаттан тыс редактор және журналист, посткеңестік қақтығыстар мен саясат жөніндегі сарапшы Нил Ватсон Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне депутаттар батыстық демократия үлгісінде таңдалатындығына сенімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Британиялық журналисттің айтуынша, Қазақстанда саяси партияларды құру үшін мүше санын 40 мыңнан 20 мыңға дейін екі есе азайту - пікір алуандығын қамтамасыз етеді. Ал партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30% мөлшеріндегі квотаны енгізу нәзік жандылар мен жас буын өкілдерін белсенді болуға және саяси процестерге қатысуға ынталандырмақ. Нил Ватсонның пайымдауынша, алдағы сайлау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйытқы болған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының әрі қарай дамуына себепші болады.

«Менің көңілімнен шыққаны, бірқатар конституциялық заңдарға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесі қолға алынып отыр. Парламенттік оппозиция құқықтарының ауқымы мейлінше кеңейеді – олар жаңарған парламентте парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығына ие болады. Бұл тәуелсіз Қазақстан батыстық үлгідегі демократияға бағыт алғандығының белгісі», - деді сарапшы.

Айта кету керек, Англияда қазір – үшінші жалпыұлттық локдаун. Лондонда және Біріккен Корольдіктің көптеген аймақтарында карантиндік шектеулердің ең жоғарғы деңгейі жарияланған. Бірақ Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі жергілікті биліктен сайлау өткізуге рұқсат алып отыр. Сондықтан Тұманды Альбионда уақытша тұрып жатқан қазақстандықтар бүгін, 10 қаңтар күні еш кедергісіз өз таңдауын жасай алады. Сайлау кезінде қатаң санитарлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып, әлеуметтік ара қашықтық мейлінше сақталатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғалымжан Қараманұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT