Британия премьері Борис Джонсон отставкаға кетуге келісті

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Борис Джонсон бүгін Консервативтік партия көшбасшысы қызметінен отставкаға кетуге келісті, алайда премьер-министр міндетін күзге дейін орындай береді. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Партия көшбасшысы үшін бәсеке биыл жазда өтеді. Жаңа премьер-министр қазанда, партиялық конференция кезінде қызметіне кіріседі.

Премьер-министр кеңсесінің баспасөз хатшысы хабарлағандай, бүгін Борис Джонсон елге үндеу жасайды. Британия үкіметіндегі күрделі кризис бірнеше айдан бері созылып келеді және осы аптада шыңына жетті. Джонсонның үкіметі мен мүшелері қысым жасап, оны кетуге мәжбүр етті.

Соңғы күндері 50-ден астам министр, соның ішінде Джонсонның жақтастары да өз қызметтерінен кетті.

Бұған дейін BBC-дің саяси шолушысы Крис Мейсон «егер отставкалар жалғаса берсе, Борис Джонсонның премьер-министр қызметінде қалуы өте қиын болады» деп ой білдірген.


Соңғы жаңалықтар