Британия парламенті Еуроодақтан шығу туралы шартты қабылдаған жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания парламентінің қауымдар палатасы сейсенбі күні кешкісін Еуроодақтан шығу туралы шарттың жобасын қабылдаған жоқ.Бұған Британ үкіметі мен Еуроодақ келісім берген болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ВВС-ге сілтеме жасап.

Оппозиция басшысы Джереми Корбин сол мезетте үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру бастамасын көтерді.

Бұл үкіметтің отставкаға кетуіне, мерзімінен бұрын сайлау өткізіп, «брекситтің» кешіктірілуіне, тіпті Британияның Еуропа одағындағы мүшелігі туралы референдумды қайта өткізуге әкеп соқтыруы мүмкін.

Шартқа 432 депутат қарсылық білдіріп, 202 депутат қолдаған. «Бұл үкімет үшін сұмдық жеңіліс», - дейді Лейбористер партиясының басшысы Джереми Корбин. Ол, сондай-ақ ресми түрде үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру ұсынысын енгізетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар