Британдықтар соғыстан қалған ұшақпен бүкіл әлемді аралап шықпақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екі британиялық ұшқыш Екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған әскери ұшақпен бүкіл әлемді айналып шықпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Олар дүйсенбіде Гудвудтағы Британия әуежайынан 76 жыл бұрын құрастырылған «Spitfire» жойғыш ұшағымен саяхатқа аттанды.

Шамамен 4 айға созылатын сапар барысында 43 мың шақырымнан астам қашықтықты ұшып өтіп, 90 мәрте аялдап, отыздан астам елге саяхат жасау жоспарланған.

Әскери ұшақ соғыс кезінде 51 рет көкке көтеріліп, еш ақаусыз жұмыс істеген. Кейін мұражайға қойылған. Бүгінде ұшқыштар бірнеше қосымша жанармай құятын резервуарларды орнатқан, қазір ұшақ 1 609 км қашықтықты еңсере алады.

Соңғы жаңалықтар