Британдық зейнеткер университетті 35 жылдан кейін бітірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық басылым университеттегі оқуын 35 жылдан кейін ғана аяқтаған 67 жастағы зейнеткер туралы жариялады. Оған бакалавр дәрежесі туралы дипломды салтанатты түрде табыстау рәсімі Шығыс Сассекстегі Брайтон қаласында өтті.

Реддик көптеген қиындықтарды бастан кешті. 1963 жылы 15 жасар бозбала мектептегі оқуын тастап, жұмысқа орналасуға мәжбүр болды, ал 1980 жылы ол Ашық университетте экономиканы зерттей бастап, 6 жылдан кейін академиялық демалыс алуға мәжбүр болды. Одан соң 23 жыл бойы қайта оралмаған.

Оқуын тек 2009 жылы жалғастырып, экономикалық білімнен басқа, филология саласын да зерттеуге шешім қабылдаған, деп хабарлайды Mignews порталынан. Рэй испан тілін үйренуді бастады.

Соңғы жаңалықтар