Британдық заңгерлер Қазақстандағы конституциялық реформаларға оң баға берді
2022 жылғы 14 мамыр 20:01

Британдық заңгерлер Қазақстандағы конституциялық реформаларға оң баға берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Лондондағы Елшілігінде Ұлыбритания адвокаттар қауымдастығының өкілдері ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша өтетін алдағы референдумды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз Қазақстандағы реформаларды және алдағы референдумді қолдаймыз. Референдум нәтижелері туралы жақында білуге қуаныштымыз», – деп атап өтті корольдік адвокат және Адвокаттар қауымдастығының төрайымы Фелисити Каллен.

Британдық заңгерлерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар туралы ақпарат ұсынылды.

Британдық сарапшы-құқықтанушылар Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған реформаларды оң бағалап, олардың табысты іске асырылуы республиканы жаңғырудың жаңа деңгейіне жеткізетінін атап өтті.

Сарапшылар алқабилер соты туралы мәселеге тоқталып, мұндай тәжірибе көптеген ғасырлар бойы ағылшын жалпы құқық жүйесінде болғанын мәлімдеді.

«Біздің ойымызша, алқабилер неғұрлым көп істі қарастырса, соғұрлым жақсы болады. Бұл новелла Қазақстанда енгізілгеніне қуаныштымыз және жаңа жүйедегі прогрессті қадағалайтын боламыз», - деді сарапшы.

Ол сондай-ақ, сот процестерін онлайн-трансляциялау ашықтыққа және азаматтардың сот жүйесіне деген сеніміне әкелетінін атап өтті.


Бұған дейін ЕҚЫҰ бюросының миссиясымен референдумға дайындық барысы талқыланған болатын.


Jańalyqtar

MURAǴAT