Британдық ВР былтыр 6,5 млрд доллар шығын батты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық ВР мұнай-газ компаниясы 2015 жылы әлемдік мұнай бағасының құлдырауынан 6,5 млрд долларға жуық көлемде шығын шеккен.

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, компанияның шығыны 6,48 млрд долларды құраған. 2014 жылды қорытындылағанда ВР 3,78 млрд доллар көлемінде таза табысқа қол жеткізгендігі хабарланған еді.

Компанияның бас директоры Роберт Дадли басшылықтың «компанияны жаңа жағдайға бейімдеп, қайта құруға тырысып отырғанын» атап өтті.

Қаңтардың ортасында ВР алдағы екі жыл ішінде 4 мыңнан астам қызметкерін қысқартуды жоспарлап отырғандығын жария етті. 2017 жылдың соңына қарай қызметкерлердің саны 24 мыңнан 20 мыңға дейін қысқаруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар