Британдық суретші Головкин мен «Канело» айқасына арнап картина салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лестердегі суретші (Ұлыбритания) Джей Коннолли Туиттердегі парақшасында Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегіне арналған жұмысын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл Конноллидің былғары қолғап шеберлеріне арналған алғашқы туындысы емес. Оның коллекциясында Флойд Мэйвезер, Мұхаммед Әли, Мэнни Пакьяо және басқа да боксшылардың портреттері бар. Сондай-ақ, суретші футбол тақырыбында да картиналар салады. Джейді жұмыстарының бірін танымал ринг-анонсеры Майкл Баффер мақтаған болатын.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile аренада өтеді. 

Соңғы жаңалықтар