Британдық коронавирус штаммы Қазақстанда тіркелген жоқ – Бас санитарлық дәрігер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мутация – вирустар эволюциясының табиғи бөлігі болып саналады. Қыркүйек айында Англияның оңтүстік-шығысында генетикалық жолдағы көптеген өзгерістерден тұратын вирустық геномдық жүйелеуден коронавирустың жаңа штаммының алғашқы жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда вирустың бұл түрі Аустралия, Дания, Италия, Исландия, Нидерланды, Ресей және басқа да бірнеше елдерден табылды» - деді Ерлан Қиясов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.
Алдын ала мәліметтер бойынша, вирустың басқа нұсқаларына қарағанда, бұл вирус халықтың жас топтары арасында белсенді таралады.
«Бірақ мұның барлығы алдын ала зерттеулер, бұл құбылысты зерттеу әлі де жалғасуда. Қазақстанда вирустың бұл түрі анықталған жоқ. Вирустың ауа-тамшы арқылы берілу механизмін ескере отырып, оны елімізге әкелу қаупін де жоққа шығаруға болмайды», - деп атап өтті Қазақстанның бас санитарлық дәрігері.
- Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты
- Ақтөбелік оқушы вирустан қорғайтын «ақылды маска» ойлап тапты
- Қарқаралыда дәрігерлер пәтер алды
-
Павлодар облысында қалааралық және ауданаралық бағытта жолаушыларды тасымалдау тоқтатылады
-
Манар Смағұл: Вакцинаның шығарылуы – қауіпті індеттің алдын алуға қол жеткізу
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам