Британдық кітапхана 800 жылдық тарихы бар қылыштағы жазуды тани алатын адамды іздестіруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия кітапханасының сарапшылары экспонаттардың біріндегі жазуды тани білетін адамды іздестіріп жатыр, деп жазады Cnet порталы.

Әңгіме Ұлыбританияның шығысындағы Уитхэм өзенінен табылған 800 жылдық қылыш туралы болып отыр. Экспонат біздің дәуіріміздің шамамен 1250-1330 жылдарымен даталануда, ол бақуатты адам немесе рыцарьдің қаруы болуы мүмкін.

Қылыштың сабы крест түрінде, бұл сол кезең қалыпты жайт болып табылады. Алайда оның сарапшыларды тығырыққа тіреген бір ерекшелігі бар.

Атап айтқанда, қылыш жырашықтарының бірінде: + NDXOXCHWDRGHDXORVI + деген жазу анықталған.

Осы жазбаның сырын ашуға талап білдірген кез келген жан көмектесе алады. Ол үшін кітапхананың сайтында өз нұсқасы жазылған түсініктемені қалдыру жеткілікті.

Әзірге көбі оның латын тілінде екендігімен келісіп отыр.

Соңғы жаңалықтар