Британдық ғалымдар күзде коронавирус тағы да өршуі мүмкін екенін ескертті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британдық ғалымдар коронавирус жұқтыру жағдайларының көбеюі осы күзде жұқтыру жағдайларының тағы да өршуіне әкелуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат MedicalXpress-ке сілтеме жасап.

Ғалымдарды қазір Ұлыбританияда өршіп тұрған коронавирсутың «дельта» нұсқасы алаңдатып отыр. Олардың ойынша, вирустың бұл түріне вакцина аса әсер етпейді. Сол себепті Ұлыбритания ауруды бақылап отырғысы келсе, вакциналаудың одан да жоғары деңгейіне жетуі тиіс.

AstraZeneca вакцинасын өндіру бойынша Оксфордтық топтың директоры профессор Эндрю Поллард екпе алған кез келген адамның бұл нұсқаны жұқтыруы мүмкін екенін ескере отырып, екпе алмаған адамның кез келген уақытта оны жұқтырып алуы мүмкін екенін хабарлады. Осылайша, вакцина аурудың таралуын тежеуі мүмкін, алайды оны толығымен тоқтата алмайды.

«Қыркүйек айында коронавирус бойынша ахуал қайта өршиді. Ол бұрынғыдан да бетер болуы мүмкін. Сол себепті қазіргі оптимизм орынсыз», - деді ғалым.


Соңғы жаңалықтар