Британдық фермер таза ауаны жинап ауқатты қытайларға саудалауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда жергілікті шаруашылық қожайыны Лео де Ваттс ауылдың таза ауасын сатып жүр. The Independent басылымының жазуынша, ауқатты қытай тұрғындары британдық тауарға ерекше қызығушылық танытып отыр.

Тұманды Альбионның таулы шыңдарынан жиналған ауаның бір құтысы 80 фунтқа сатылуда. Кәсіпкердің айтуынша, британдық «өнімді» ауасы ластанған Шанхай және Бейжің тұрғындары көбірек сатып алуда, ауқатты тұрғындар бірнеше жұтым ауа үшін қомақты соманы төлеуді қиынсынбай отыр.

Воттстың сайтында ауаның Сомерсет маңынан, Уэльс пен Дорсеттен жиналатындықтан, жұпар иісті екені аталып өтілген. Жарнамада «тұмса табиғат тазартқан ауа, ол ағаштың арасынан есіп, сылдырап аққан бұлақтың суымен тазарады, жартастардың арасынан өтіп көркем табиғаттың ортасына оралады» деп көрсетілген.

Бір қызығы кейбір тұтынушылар ауаны сатып алып жинауда, олар оның бағасы кейіннен қымбаттайды деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар