Британдық Эд Клэнси «Astana EXPO 2017 International Criterium» веложарысының жеңімпазы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Astana EXPO 2017 International Criterium» веложарысының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұлыбританиялық Эд Клэнси «Astana EXPO 2017 International Criterium» кәсіби шоссейлік веложарысының жеңімпазы атанды, екінші орында Николас Марини және үшінші болып мәреге Скотт Шандерленд жетті.
null

Айта кетейік, бүгін Астанада «Astana EXPO 2017 International Criterium» кәсіби шоссейлік веложарысы басталды. Оған әлемнің 15 елінен жиналған 20 команда қатысуда. Командалар арасында құрамына Гранд турлардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, велоспорт бойынша олимпиадалық ойындардан медаль алғандар енетін Әлемдік турдың кәсіби командалары да бар.
null

 «Тур де Франс» жеңімпазы, британдық Team Sky командасының өкілі  Крис Фрум және оның серігі Микель Ланда және «Астана» құрамында өнер көрсеткен, қазіргі Astana Pro Team көшбасшысы Фабио Ару жарыс хедлайнерлері атанды. Велосипедшілер Түркістан, Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелері арқылы «Бәйтерек» монументін 1,6 шақырымнан 30-35 рет айналып шықты.
null

Бүгінгі сайысқа қатысу үшін велоспорт жұлдыздары Астанаға бір күнге ғана келген болатын. Ертең олар Қазақстаннан ұшып кетеді және өздерінің жарыстық бағдарламасы бойынша дайындықты жалғастырады.

nullФото: ТОО Спортивные Технологии Казахстана

Соңғы жаңалықтар