Британдық дәрігерлер коронавирусты әлемдегі ең ұзаққа созылған ауру деп санайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британдық дәрігерлер ковид індеті әлемдегі ең ұзақ уақытқа созылған ауру деп санайды. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Британдық науқас дерттен 505 күн (яғни 16 айдан астам) зардап шекті. Ол коронавирусты жеңе алмады және 2021 жылы ауруханада қайтыс болды. Науқасты емдеген екі ірі Лондон клиникаларының дәрігерлері айтқандай, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Алайда, бұл адам басқа созылмалы аурулардан зардап шекті және оның иммундық жүйесі өте әлсіреді.

Ал Испаниядa 31 жастағы медицина қызметкері 20 күн ішінде екі рет коронавирус жұқтырды. Ғалымдардың айтуынша, бұл екі инфекцияның арасындағы ең қысқа кезең және әр адам өмір бойы кем дегенде екі немесе одан да көп рет коронавирус алады деп болжайды. Ғалымдар оның зертханадағы сынақтарын егжей-тегжейлі зерттеп, әйелдің екі түрлі нұсқамен, яғни желтоқсанның аяғында дельта және қаңтарда омикрон жұқтырғанын анықтады.


Соңғы жаңалықтар