Британдық азамат қонақжай қазақ еліне алғысын білдірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Сақтаған Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының американдық бұрышында әулие Патрик күні өтті. Ұлыбритания тұрғыны Майкл Сагатис қазақтың қонақжайлылығына алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітапхананың британдық бұрышына мектеп оқушылары, студенттер мен ағылшын тілін оқып жүрген қала тұрғындары жиналды. Олар әулие Патрик күніне арналған бейнежазбаны көрді. Ирландия мен ирландықтар қоныстанған елдерде өтетін мейрам Ақтөбеде де атаусыз қалмады. Бас қосқан жастарға қағаз таратылып, таңқалдырған жағдайлар туралы жазу тапсырылды. Ақтөбеге келіп, өзінің әжесі Жозеф Буйдоны іздеп жүрген Ұлыбритания тұрғыны Майкл Сагатис қазақ халқының қонақжайлылығына таңқалғанын жасырмады.

«Мен қазақ халқының кеңпейілділігіне алғыс айтамын. Екі күн бұрын ноутбуктің қуаты өшіп, батареясы сынып қалды. Менің досым Самат дүкендерді менімен бірге аралап, қажетті үлгісін іздеуге шықты. Бірақ табылмады. Кейін интернет арқылы тапсырыс берді. Жан-жағымда жақсы адамдар көп. Тіпті жергілікті моншаға барған кезде жұмыс істейтін адамдар мені қонаққа шақырды. Қазақтың ұлттық тағамы, ет асқаны маған ұнайды. Тағамы өте дәмді», - деді М.Сагатис. 

Қазақтың ұлттық мәдениеті, музыкасы да шетелдік қонаққа ұнады. Ол Жұбановтар әлемі орталығында болып, домбыра, жетіген аспаптарымен танысты.

«Қазақтың ұлттық астаптары маған ұнады. Жұбановтар әлеміне барып, домбыра мен жетігеннің үнін тыңдадым. Қазақтар караокеде ән шырқағанды ұнатады екен. Мен де қосыла шырқадым», - деді британдық азамат.

Айта кетейік, М.Сагатис ертең туған өлкесі Уэльс қаласына жолға шығады. Дегенмен осы жылдың жаз айларында қайта келіп, өзінің әжесін іздеу жұмыстарын жалғастырады. Ол Ақтөбеге 2017 жылдың желтоқсан айында келген болатын. Ұлыбритания азаматы 1940 жылы Шығыс Польшадан Ақтөбеге жер аударған Юзеф Буйдоны іздеп жүр.

Деректерге сүйенсек, Ю.Буйдо Ақтөбе қаласында тұрып, кейін Алға ауданының Шибаевка ауылына қоныс аударған. Ол туралы британдық азамат екі жыл бұрын ғана білді. М.Сагатис әжесінің Қазақстаннан Польшаға жазылған хаттарын тауып алған.

null 

Соңғы жаңалықтар