Британ парламентінің депутатын сайлаушылармен кездесу кезінде өлтіріп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британ парламенті қауымы палатасының депутаты Дэвид Эмессті сайлаушылармен кездесу барысында өлтіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шабуыл жасаған 25 жастағы ер адам депутаттың Лондоннан шығысқа қарай орналасқан Эссекс графтығы, Ли-он-Си қаласының тұрғын ауданындағы Бэлфэрс шіркеуінде сайлаушылармен кездесуі кезінде арқасынан бірнеше рет пышақ сұққан. Қылмыскер ұсталды. Оның әрекетіне не себеп болғаны анықталуда.
Бұл – британдық парламентарий тарихында соңғы 5 жылда бірінші рет адам өлтіру оқиғасы.

2016 жылы Дидске жақын орналасқан Бёрсталлдағы қабылдау бөлімінің қасында лейбролистер депутаты Джо Кокс қаскүнем қолынан қаза тапқан.


Соңғы жаңалықтар