Британ музыканты Эд Ширан 30 жасқа дейінгі ең бай әнші атанды

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ұлыбританиялық танымал әнші Эд Ширан ұзақ жылдардан бері хитмейкер және халықаралық гастрольдерге жиі шығуының арқасында елдегі 30 жасқа дейінгі ең бай әнші атанды. Ол екінші жыл қатарынан осы атақты жеңіп алып отыр. Биыл оның байлығына 40 миллион фунт-стерлинг қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Standard.co.uk жаңалықтарына сілтеме жасап.

Әлемдік хит - Shape of You әні орындаушысының дәулеті 200 миллион фунт-стерлинг деп бағаланып отыр. Оның өткен жылдың тамызында аяқталған Divide атты туры өте табысты болды. Британ музыканты жастар арасындағы ең бай әншілер арасында үздік болғанымен, нағыз дәулеттілер қатарына қосылу үшін көп тер төгуі керек. «Sunday Times Rich List» рейтингінде Эд Ширан 10-орында тұр. Ал сэр Эндрю Ллойд-Уэббер мен сэр Пол Маккартни 800 млн фунт-стерлингпен тізімнің басына жайғасқан.

Өткен жылы Pollstar Эд Ширанның 260 халықаралық шоуы оған 775,5 млн доллар табыс әкелгенін, сөйтіп жаңадан рекорд орнатқанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Эд Ширан мол дәулетін үлкен жауапкершілікпен, сауатты жұмсайды. Ол қаражатты Ұлыбритания бойынша жылжымалы мүлікке инвестиция ретінде салған.

Ал елге таяуда қоныс аударған Рианна Sunday Times рейтингі бойынша Ұлыбританиядағы ең бай музыкант әйел атанды.


Соңғы жаңалықтар