+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

«Британ кварталындағы» өрт сөндірілді: Мансардтағы 4 пәтер бүлінген

2019 жылғы 10 шілде 00:40
Бөлісіңіз:
«Британ кварталындағы» өрт сөндірілді: Мансардтағы 4 пәтер бүлінген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы элиталық үйлердің бірі - «Британ кварталындағы» өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт Алматы ауданының Сарқырама қиылысындағы 6 қабатты үйден шыққан. Оқиға туралы ақпарат кешкі сағат 19.39-да түскен. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде шатырдағы қызыл жалын шамамен 100 шаршы метр аумақты қамтып үлгерген. Үй тұрғындары төтеншеліктер келіп жеткенше өз бетінше қауіпсіз жерге эвакуацияланған.

« Қалыптасқан жағдайды ескере келе өрт сөндіретін 4 учаске белгіленді. Бәрінен бұрын шатырдың өзгеше жобалануы біршама қиындық туғызды, онымен бірге жылдамдығы 13 м/с болатын жел де өртті сөндіруге айтарлықтай кедергі жасады. Қабылданған шаралардың арқасында жалын 21:56-да ауыздықталып, 23:02-де сөндірілді. Тілсіз жау 600 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға салдарынан үйдің шатыры ішінара өртеніп кетті, сондай-ақ кешеннің мансард қабатында орналасқан 4 пәтер бүлінді » делінген хабарламада .

Зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынның үйдің басқа аумақтарына тарап кетуіне жол берілмеді.

Өртті ауыздықтауға елордалық төтенше жағдай департаментінің 67 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 3 адамнан тұратын Апаттық медицина орталығы бригадасы, полициядан 8 адам мен 3 техника және жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT