Британ консерваторлар партиясының басшысы қызметінен кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак өзінің басқарушы консерватив партиясының төрағасы Надхим Захавиді қызметінен босатып, үкіметтен шығарды. Оның салық істерін тәуелсіз тергеу кезінде министрлік кодексі бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Қызметіне кірісер кезде Сунак «кабинетім барынша адал, кәсіби жұмыс істейді және есеп береді» деп уәде берген болатын.

Сайлау нәтижесіне болжам жасайтын әлеуметтік сауалнама институты - YouGov негізін қалаушы Захави салық органдары анықтаған кемшіліктерді мойындады, бірақ қателігі әдейі жасалмағанын, мұқиятсыздығының салдарынан болғанын мәлімдеді.

Британдық БАҚ мәліметінше, бұл істі реттеу 5 миллион фунт стерлинг болған (6,2 миллион доллар).

Захави Ұлыбританияның қаржы министрлігін 2022 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін, Борис Джонсон премьер-министр болған соңғы айларда басқарды.

Назим Захави – британ парламентіндегі ең ауқатты депутаттардың бірі. Ол мұндай дәулетке YouGov авторитарлы әлеуметтік компаниясының негізін қалаушылардың бірі ретінде қол жеткізді.

Салыққа қатысты келеңсіз жағдайға дейін ол БАҚ-пен қарым-қатынас жасай алатын үкіметтің ең белсенді өкілдерінің бірі саналатын.

Захави 1967 жылы Ирак астанасы Бағдадта күрдтер отбасында дүниеге келген.

Егер оның ата-анасы елден кетіп қалмағанда, ол ирак-иран соғысына қатысуы мүмкін еді.

«Мені Ирак әскеріне шақырар еді. Алғы шепте соғысып, сол жақта қаза табуым мүмкін еді», - деді ол Би-би-си журналисі Ник Робинсонға берген сұхбатында.


Фото: ru.euronews.com

Соңғы жаңалықтар