БРИКС көшбасшылары Сямэндегі саммиттің бірінші сессиясына жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БРИКС саммиті Қытайдың Сямэн қаласында басталды. Ресей, Қытай, Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африка Республикасының көшбасшылары саммиттің алғашқы пленарлық отырысына жиналды, деп хабарлайды ТАСС.

Кездесу басталмас бұрын мемлекет және үкімет басшылары ресми фотоға түсу шарасына қатысты. Орталық орынға симмит қожайыны, ҚХР-дың төрағасы Си Цзинпинь жайғасты. Оның оң жағына Ресей президенті Владимир Путин мен Бразилия президенті Мишел Темер  орналасты. Ал, сол жағына Оңтүстік Африка президенті Джейкоб Зума мен Үндістан премьері Наренда Моди отырды. Фотографтардың сұрауымен  мемлекет басшылары бір-бірінің қолдарынан ұстады. Суретке түсу аяқталғаннан кейін көшбасшылар отырыс залына өтіп, келіссөздерді бастады. Отырыс жабық түрде өтіп жатыр.

«Әлемдік экономикалық жағдайлар, ғаламдық экономикалық басқару, халықаралық және аймақтық шиеленістер, ұлттық қауіпсіздік және даму мәселелері басты тақырыптар ретінде қарастырылады», - деді ол. Одан кейін көшбасшылар БРИКС-тің алдағы даму мәселелерін қарастыратын талқылауды кеңейтілген құрамда жалғастыратын болады.  

Соңғы жаңалықтар