Brent және WTI маркалы мұнайдың бағасы төмендеп кетті

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Еуроодақ Ресейдің энергетикалық тауарларына қосымша санкция салған соң бейсенбіде мұнай бағасы тағы да төмендеді, деп хабарлайды Investing.com сайтына сілтеме жасап.

Батыстың Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған санкцияларына байланысты жаһандық энергетикалық дағдарыс қаупі ұлттық қорлардан алдағы жарты жылда нарыққа шығару жоспарланған мұнай жеткізу көлемінің күрт өсуіне қатысты алаңдаушылық туғызды.

Ресейге қарсы шаралардың құбылуы бейсенбіде мұнай бағасының тағы да төмендеуіне әкеліп соқтырды, соның салдарынан Brent әлемдік эталоны АҚШ-тың WTI маркалы мұнайына қысқа уақытқа теңесіп, бағасы барреліне 100 доллардан төмен болды.

Шанхайда соңғы екі жылдағы коронавирустық індет мұнайға қысымды күшейтті, бұл Қытайдың екінші үлкен қаласында бір аптадан астам уақытқа созылған карантинге әкелді, бұл екінші ірі мұнай тұтынушы елде сұранысқа қатысты алаңдаушылық тудырды.

«ЕО жақын арада ресейлік мұнайға санкция салатын сияқты емес, бұл мұнайға соңғы ең жоғары деңгейге жету үшін бірнеше жаңа катализатор қажет болады деген сөз», - деп атап өтті OANDA онлайн сауда платформасының сарапшысы Эд Мойя.

Оның айтуынша, шикі мұнай қорларын жаппай шығару жоспары мұнай бағасының қысқа мерзімге төмендеуін қамтамасыз етеді.

2022 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнай 49 цент немесе 0,5%-ға төмендеп, барреліне 100,58 долларды құраған.

Өткен аптада Brent бағасы 13%-ға төмендеді, бұл 2020 жылдың сәуірінен бергі ең жоғары апталық төмендеу болған.

Өткен аптада WTI маркалы мұнай бағасы шамамен 13 пайызға төмендеп, 100 доллардан төмен түскен.

Атап өтейік, мұнай бағасы Парижде орналасқан Халықаралық энергетикалық агенттіктің ашық нарыққа 60 миллион баррель мұнай шығару жоспарын жариялағаннан кейін үшінші күн қатарынан төмендеп келеді.

Алты айдың ішінде нарыққа барлығы 240 миллион баррель қосылып, нәтижесінде бір күнде 1,33 миллион баррель таза мұнай келеді.

Бұл Сауд Арабиясы бақылайтын және Ресей басқаратын ОПЕК+ альянсы аясында әлемдік мұнай өндірушілер жасап отырған ай сайынғы 400 000 баррель өндіріс өсімін үш еседен астам арттырады.



Соңғы жаңалықтар