Brent мұнайының баррелі қаңтар айынан бері алғаш рет 83 доллардан төмен түсті

None
НЬЮ-ЙОРК. ТАСС – ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы жеткізілімінің фьючерсі Лондондағы ICE биржасында 83 доллардан төмен түсті. Бұл биылғы 11 қаңтардан бері бағаның алғаш рет осы межеден төмендеуі.

Brent 2,6% арзандап, баррелінің құны $82,82 болды.

26 қыркүйектің кешінде баға одан әрі төмендеп, қазір барреліне $82,69 болып тұр.

Сондай-ақ, WTI маркалы мұнайдың қараша айындағы жеткізілімінің фьючерсі 2,77% арзандап, құны $76,56 болды.


Соңғы жаңалықтар