Brent мұнайының баррелі 61 доллардан төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні мұнай бағасының Қытайдың қайта өңдеу өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділігінің бәсеңдеуі туралы мәліметтерден кейін төмендеуі одан әрі жалғасты, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Лондонның ICE Futures биржасындағы Brent мұнайының фьючерстері бір баррель үшін 44 центке дейін түсіп, 60,62 доллар болды.

WTI мұнайы фьючерсінің бағасы қаңтарда Нью-Йорктегі тауар биржасында мәскеу уақыты бойынша сағат 8-ге қарай бір баррель үшін 27 центке дейін түсіп, 55,64 долларды құрады.

Дүйсенбі күнгі сауда бес жылдың ішінде ең төменгі бағалармен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар