Brent мұнайының бағасы тоғыз айдан бері алғаш рет 50 доллардан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ТАСС-ҚазАқпарат - Мұнайдың бұл түрінің құны 6 наурыздан бері 50 доллардан аспаған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Лондондағы ICE биржасында 2021 жылдың ақпанында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың құны мұның алдындағы сауда-саттық кезіндегі бағаға қарағанда 2,48% өскен.

Сөйтіп мұнайдың бір баррелі $50,07 болды.

Бұны қор биржасының Мәскеу уақытымен сағат 17:44 кезіндегі мәліметтерінен білуге болады.

Brent мұнайының құны соңғы рет 6 наурызда осы көрсеткішке жеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар