Brent мұнайының бағасы сегіз жылдан бері алғаш рет 89 доллардан асты

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – 2022 жылдың наурызында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны лондондық ICE биржасында 1,73%-ға өсіп, барреліне 89,02 долларға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған сәрсенбі күні Мәскеу уақытымен 04:48-де сауда алаңындағы деректер дәлел.

Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қазанында барреліне 89 доллардан асқан.

Мәскеу уақытымен 04:53-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 88,95 доллар (+1,65%) болған.

WTI-дегі фьючерс 1,71%-ға қымбаттап, барреліне 86,89 доллар болды.


Соңғы жаңалықтар