Brent мұнайының бағасы қаңтардан бері алғаш рет 82 доллардан төмен түсті

None
АСТАНА. ТАСС-ҚазАқпарат – 2023 жылдың қаңтарында жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстері барреліне 73,9 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды қазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Сауда-саттық мәліметтері көрсеткендей, ICE биржасында 2023 жылдың қаңтарында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап алғаш рет барреліне 82 доллардан төмендеді.

Дүйсенбіде Астана уақытымен 07:41-де (Мәскеу уақытымен 04:41-де) Brent бағасы барреліне 81,41 долларға дейін

Астана уақытымен 07:43-те (Мәскеу уақытымен 04:43-те) Brent барреліне 81,25 доллардан (-2,86%) сатылып жатыр.

Сонымен қатар 2023 жылдың қаңтарына жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 73,9 долларға дейін, яғни 3,00%-ға төмендеді.


Фото: AP Photo/ Matthew Brown

Соңғы жаңалықтар