Brent мұнайының бағасы барреліне 55 доллардан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні мұнайдың әлемдік бағалары өткен бейсенбідегі төмендеуінен кейін түзеліп, оң серпінін көрсетуде. Бұл туралы сауда мәліметтері дәлел, деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 7:18-дегі жағдайға келсек, Brent маркалы мұнайдың солтүстіктеңіздік қоспасының мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 1,36 пайызға өсіп, бір баррелі 55,71 долларды құрады. WTI маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 2,04 пайызға өсіп, бір баррелі 50,14 доллар болды. Нарықтар жұма күні католиктік Пасха мерекесінің алдында жабылып, мұнай бағалары төмендеуден кейін онша көтеріле алмады.

Мұнай бағасы бейсенбі күні халықаралық араағайындар «алтылығының» Иранмен келісімінен кейін күрт төмендеді. Тараптар уранды байыту бойынша ирандық қуаттардың үштен екі бөлігінің он жылдың ішінде тоқтатылатынына уағдаласты. ЕО Иранға қарсы санкцияларын ол қолжеткізілген уағдаластықтарды орындаған жағдайда тоқтатады. АҚШ Иранға қарсы санкцияларын міндеттемелерді орындауына қарай алып тастайды.

Мұнайға Сауд Арабиясының мамыр айында Азияға жеткізілетін мұнай бағасын көтергені, «қара алтынға» сұраныстың жақсаруы туралы хабар да жақсы қолдау болды.

Соңғы жаңалықтар