Brent мұнайының бағасы 86 доллардан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда-саттық нәтижесі бойынша, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің желтоқсандағы жеткізілім құны Лондондағы ICE Futures биржасында 1,46 долларға өсіп, бір баррельдің бағасы 86,1 долларды құрады.  

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қарашадағы жеткізілім құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,18 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 76,41 долларға жетті. 

Соңғы жаңалықтар