Brent мұнайының бағасы 62 долларға дейін көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Brent мұнайының бағасы қымбаттап, 62 долларға дейін көтерілді.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайының сәуір айындағы фьючерстері сейсенбі күні таңертең бір баррель үшін 62,12 долларға дейін өскен.

Талдаушылар сұранысы төмен болғанымен, шығарылуы жоғары деңгейдегі мұнайдың әлемдік нарықта артылуы сақталып отырғанын еске салып, бұл өсімнің қысқаша сипатта екенін де жоққа шығармайды.

Соңғы жаңалықтар